Ата-аналар комитетінің отырысы
9 қыркүйек мектепте жаңа оқу жылындағы алғашқы ата-аналар комитетінің отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы: «Адал азаматты» тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы педагог және қауіпсіз мектеп.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды: мектеп пен ата-аналар комитеттері арасындағы бірлескен жұмыстың басымдықтары, сынып ата-аналар комитетінің қызметін үйлестіру ерекшеліктері, жалпы мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен белсенді мүшелерін сайлау.
Отырыстың мақсаты – «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ата-аналар мен мектеп арасындағы әріптестікті нығайту.
11.09.2025
0