Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы.
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
* Жалпы ережелер
* Осы Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескертпе. 1-тармақ ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 250 бұйрығының редакциясында (ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
* Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады: орта білім беру ұйымы – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
* Талаптардың мақсаты – орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасын қолданудағы тәсілдерінің біркелкілігін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына оң көзқарасын қалыптастыру, оқу орындары басшылығының және кеңестердің (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) оқытудыңฆарайлы (сฆฆатаулық/сฆฆฆฆฆ/сฆฆฆฆ) зайырлы сипатын сақтаудағы жауапкершілігін арттыру.
* Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар орта білім беру ұйымдарының вестибюлінде (фойеде), ал танысу үшін орта білім беру ұйымының Интернет-ресурсында орналастырылады.
* Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
* Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында сақталады, үш түстен асырмай араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі сабырлы және тым ашық емес тоннан таңдалады.
* Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.
* Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
* Ұлдарға арналған мектеп формасы мыналарды камтиды:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік көйлек, күнделікті көйлек немесе түймелері бар я болмаса сыртқы сырмасы (замкасы) бар трикотаж кофта/кардиган, поло көйлегі немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбар кең тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
* Қыздарға арналған мектеп формасы мыналарды қамтиды:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық блузка немесе түймелері бар я болмаса сыртқы сырмасы (замкасы) бар трикотаж кофта/кардиган, поло көйлегі немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбар кең тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
* Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма мыналарды қамтиды: спорттық костюм (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киім (кроссовкалар, кеды).
* Мектеп формасына түрлі конфессиялардың діни қатыстылығы киім элементтерін қосуға жол берілмейді.
* Мектеп формасында орта білім беру ұйымдарының ерекшелік белгілерін (эмблема, нашивка, шеврон және басқаларды) орналастыруға рұқсат етіледі.
* Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдайларды, оқу сабақтары өткізілетін орынды және оқу үй-жайындағы температуралық режимді ескере отырып іске асырылады.
* Мектеп формасына қойылатын талаптар жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарларды киюді байлайды (алып тастайды).
* Мектеп формасын енгізу кезінде маталардың құрамына назар аударылады.
* Мектеп формасына арналған мата ретінде тозуға төзімділігі жоғары, бактерияға қарсы, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар, жақсартылған қасиеттері бар жартылай жүн және мақта маталарын пайдалану ұсынылады.
* Балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері, мектептегі өзін-өзі басқару, қамқоршылық кеңестің және ата-аналар комитетінің мүшелері мектеп формасы мәселелерін талқылауға қатысады және осы Талаптарға сәйкес өз ұсыныстарын енгізеді.
Мектеп формасының үлгісін және юбканың ұзындығын таңдауды орта білім беру ұйымы мен кеңес (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) айқындайды, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
* Мектеп формасына өзгерістер енгізу кеңестің (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) келісімі бойынша қабылданады.
* Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді.
* Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың орындалуы
* Орта білім беру ұйымының басшысы (бұдан әрі - Басшы) және кеңес (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) міндетті мектеп формасын енгізу кезінде осы Талаптарды басшылыққа алады.
* Балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері мектеп формасын қолданыстағы сауда желісі арқылы сатып алады.
* Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары (бұдан әрі – Басқару органдары) ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Басқару органдарына мектеп формасының жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге жол берілмейді.
Мектеп формасын сатып алу кезінде ата-аналар оны өндірушіні таңдауда тәуелсіз болады.
* Басшы білім алушыны орта білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш берген кезде (еркін нысанда) ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді осы Талаптармен қол қойғызып және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында таныстырады.
* Тиісті мемлекеттік органдар шектеу шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларда ата-аналар балаларды шектеу шаралары алынғанға, төтенше жағдайдың, форс-мажорлық мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылғанға дейін орта білім беру ұйымдарына бара алатын іскерлік, классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен қамтамасыз етеді.
«№21 орта мектеп» КММ-де ұлдар мен қыздарға арналған мектеп формасы ҚАРА-КӨК ТҮСТІ.





