Адал азаматты тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы педагог және қауіпсіз мектеп
Отбасы апталығы аясында мектепте «Адал азаматты» тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы педагог және қауіпсіз мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде ата-аналар мен педагогтердің ортақ жауапкершілігін арттыру, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыру.
Жиналыс барысында ата-аналарға жауапты ата-ана болудың маңыздылығы, педагогикалық қолдаудың рөлі және мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайлы ақпарат берілді.
Тәрбие процесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара әрекеттесу жолдары талқыланып, адал әрі өнегелі азамат — «Адал азаматты» қалыптастыруда эмоциялық қолдау мен сенімді қарым-қатынастың рөлі ерекше атап өтілді.
18.09.2025
0