Таза Қазақстан
Естелік пен қамқорлық ағаштары: мектебіміз қалалық Экосаябақтағы жасыл челленджді қабыл алды.
Біздің ұйымшыл ата-аналар мен ұстаздар тобы көшет отырғызу челленджіне қатысып, қалалық Экосаябақты одан әрі жасылдандыруға атсалысты.
Бұл экологиялық акцияның басты әрі ең құрметті қатысушысы Демешко отбасы болды: әкесі — Алексей Сергеевич, анасы — Юлия Николаевна, 1 «А» сынып оқушысы — Демешко Ника, сондай-ақ мектеп директоры Н. Қ. Сәлімов, сынып жетекшісі Ю. В. Иванова, мұғалімдер Л. В. Овсянкина және Г. А. Камдина.
Отырғызылған ағаш — бұл тек таза ауаға қосылған үлес қана емес, болашақ ұрпаққа қалдырылған ізгі мұра.
Жасыл эстафетаны әрі қарай жолдаймыз!
22.09.2026
0