*ХАБАРЛАНДЫРУ*
*Петропавл қаласының білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестерін қалыптастыру туралы*
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен (2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 өзгерістерімен) бекітілген «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) 8-тармағын орындау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» 2-тарауының 10-тармағына сәйкес:
*Мектепке дейінгі ұйымдардағы Қамқоршылық кеңестің құрамына:*
1. мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (әрбір жас тобынан осы мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісінің бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) – жас топтарының санынан аспайды;
2. педагогикалық еңбек ардагерлері (болған жағдайда) – 1 адам;
3. жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4. үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5. қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (болған жағдайда) – 1-2 адам;
6. бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (болған жағдайда) – 1 адам кіреді.
*Орта білім беру ұйымдарының, соның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:*
1. осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) – 11 адамнан аспайды;
2. педагогикалық еңбек ардагерлері (болған жағдайда) – 1 адам;
3. жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4. үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5. қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (болған жағдайда) – 1-2 адам;
6. бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (болған жағдайда) – 1 адам;
7. оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам кіреді.
*Балаларға арналған мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:*
1. мектептен тыс ұйымда білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері – кемінде 3 адам;
2. педагогикалық еңбек ардагерлері (болған жағдайда) – 1 адам;
3. жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4. үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5. қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (болған жағдайда) – 1-2 адам;
6. бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (болған жағдайда) – 1 адам;
7. оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам кіреді.
9-тармаққа сәйкес, кандидаттар Қамқоршылық кеңесін сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1. өтініш (еркін нысанда);
2. кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме (резюме);
4. білімі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Кандидаттар кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қамқоршылық кеңесінің құрамына кіру үшін төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша тиісті білім беру ұйымына хабарласу қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 15-25 қыркүйегі аралығында.
Білім беру ұйымдарының тізімі қоса беріледі.
*Анықтама телефоны:*
465077 (орта және қосымша білім беру)
366419 (мектепке дейінгі білім беру)